Мәскеуде метрода қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланады

Мәскеуде 16 шілде күні метродағы апат салдарынан қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланады. Бұл туралы журналистерге Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Апаттың ауқымына байланысты ертең Мәскеуде қаралы күн жарияланады», - деді ол.
Еске сала кетсек, 15 шілде күні таңертең Мәскеу метросының Арбат-Покровская желісінде пойыз рельстен шығып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 20 адам қаза болып, 118 адам ауруханаға жатқызылды, 50-ден астам адам ауыр халде жатыр.

Поделиться
+1