Павлодарда үй ауласында автокөлік өртенді

Павлодар қаласы Павлов көшесі 34 үйінің алаңында ГАЗ-330700 маркалы автокөлігі отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат төрт жарымда орын алды. Машинаның кабина және мотор бөлігіндегі электр сымдары толығымен жанып кетті. Қазіргі таңда өрттың себебі мен шығын көлемі анықталуда.

Поделиться
+1