Павлодар қаласының кіре беріс жолындағы стеланың ең үздік эскиздік жобасына байқауына төрт эскиз өтті. Павлодар қаласы архитектура-қала құрылысы кеңесінде аталмыш стеланың эскиздік үлгілері қарастырылып, ішінен Исаков Игорь Анатольевичтың авторлық жобасы таңдалып алынды. Тамыздың 28 күні кеңес мүшелері, орнатылған стеланы көрді.
Автордың айтуы бойынша, Павлодар қаласына кіре беріс жолдағы стеланы қаланың ерекшелігі мен тарихын, оның дәстүрі мен мыңызын айшықтайтын көпшілікке айқын белгілер және символдарды негізге ала отырып жасаған. «Павлодар» сөзі қаланың Ертіс өзені жағасында орналасқанын айқындап, толқын пішінде орналастырылған. Металлдан жасалған шағала пішіндес элемент күн көзіне шағылысып, одан сайын әрлендіріп тұр.
Шаңырақ пішінді үлкен жарты шар дәстүр мен мәдениетті жалғап қаланың барша адамның үйі екені символы ретінде бейнеленген. Айқастырылған тетікті тор металлдан жасалған. Келесі бетінің орталық бөлігінде жолдарыңыз болсын деген тілек білдірілген жазу жазылған. Түнгі уақытта стела архитектуралық жарық шамдармен жарықтандырылады.
Герб ұсынылған болатын, бірақ оны қала құрылысы кеңесінде қабылдамады. Себебі, герб қаланың көшелерінде өте көп кездесетіндіктен, оны стелада қолданбауды шешті.
Журналисттердің байқауы бойыша, қазақ тіліндегі сұр әріптермен жазыған «Сәт сапар» жазуы онша аңық көрінбейді. Бастапқы жобаның жоспарында үлкеңірек әріптерді жазу жоспарланған болатын еді.
- «Сұр түс өте жақсы көрініс береді және де көргісі келетін адам жазуды әрқашан көре алады», - деді суретші-сәулетші.
Құрылыс кеңесінің өкілі, Дюсен Мустафин, осындай стелалар, бірақ сәл басқа дизайнда қаланың басқа кіре берістерінде және аэропорт манында орналастырылатын болатыны жайлы айтты.


