Бұрынғы бiлiм және ғылым вице-министрi 1,1 млрд теңгені иемденді деген айыпты мойындамады

Бiлiм және ғылым министрiнiң бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметов, өзiне тағылған айыпты толық мойындамай отыр, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары агенттігінің тілшісі сот залынан.

"Мен тағылған айыпты толық көлемде мойындамаймын", - дедi сот отырысы барысында Саят Шаяхметов.

Сонымен қатар, мемлекет қаржысына қол сұқты деген өзге де айыпталушылар – Александр Пак, Роман Киреев пен Алексей Тотубалин де өздерiне тағылған айыпты мойындамай отыр.

2013 жылдың 29 сәуірінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Өскемен қаласындағы 700 оқушыға арналған білім мекемесінің құрылысын жүргізу кезінде 1,5 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Биылғы жылдың 14 мамырда аталған қылмысты жасауға күдікті ретінде Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры Александр Пак ұсталды.

17 мамырда сот санкциясымен Шаяхметов үйқамаққа алынып, Пак тұтқындалған болатын.

Бұған қоса "ЗАК Сервис" ЖШС бұрынғы бас директоры Роман Киреевке де айып тағылып, тұтқындалған болатын.

Поделиться
+1