"Гүлнар турдың" торына түскен 17 павлодарлық полицияға шағым түсірген

Банкротқа ұшыраған туристік фирма төңірегінде туындаған дау Павлодарды да айналып өтпеді деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


- Бүгінгі таңда «Гүлнар тур» фирмасының торына түсіп, алданып қалған 17 қала тұрғынының өтінішін алдық. Мұның барлығын жинап, прокуратураға жолдаймыз, - деп хабарлады облыстық әкімдікте өткен брифингіде ІІД-нің бастығы Сұлтан Құсетов.
Алданып қалған туристердің бірі Елена Бовда pavlodarnews.kz тілшісіне хабарлағандай, Туркияда отбасысымен демалып жатқандар аталмыш фирманың шығынға ұшырауын естіп, есеңгіреп қалған. Елена мен әуежайда қалған 300-ден астам қазақстандық тұтынушы «Гүлнар тур» қонақүйден әуежайға дейінгі жолақыны төлемегенін және елге өз есебінен оралуға тура келгенін біледі. 


Туркияда Елена екі құрбысымен және қызымен демалып жатқан. «Гүлнар тур» фирмасының шығынға ұшырағанын демалыстың соңғы күні естіген. Дереу әр отбасы үшін шамамен екі мың доллардай қарызға ақша алу үшін туыстарына хабарласуға тура келеді. Абырой болғанда, алданған туристердің мәселесіне араласқан елші өз есебінен демалушыларды Анталиядан Алматыға жібереді. Оңтүстік астанадан Павлодарға құрбылар пойыз арқылы өз күшімен жеткен. Алайда бір күн түрік әуежайында және бір тәулік Алматыда өткізуге тура келеді. 
- Біз демалыстан кейін осындай күйзеліске ұшырағанымыз үшін сотқа жүгінуге ниеттіміз, - дейді Елена.


Десе де, демалысқа барғандардың барлығының Елена сияқты жолы бола қоймаған. Кейбіреулер демалыстың қызған шағында жайсыз жаңалықтан есеңгіреп қалса, енді бірі жолдаманың ақшасын төлеп қойып, теңізге жете алмаған.

Поделиться
+1