Әйел көлік жүргізсе ...

Адам баласы екі аяқпен жүруді аздатып, төрт дөңгелекті құрылғыға отырғалы бері қала көшелерінде кептеліс пен жол апаттары азаймаса, көбейіп кетті. Зулап жатқан көліктерге қарасаң рольде сақалды тақиялы қарияларды, орта буындағы ер азаматтарды, жас жігіттерді, одан қалды әйел адамдарды аңғарасың... бергі жағы  бойжеткендердің де темір тұлпарды тізгіндеп жүргеніне көзіңіз жетеді. Бүгінгі мақаламыздың өзегі табиғатынан нәзік жаратылғандардың, яғни әйел адамдардың көлік жүргізуі турасында болмақ.

Косметика мен кілт-сайман

Осыдан бірнеше жыл бұрын «женщина за рулем .........» деген шымшыма сөздің ел ішін жайлап кеткені белгілі. Өйткені ол кездері нәзік жаңдылардың рольге отыруы бір түрлі қызық құбылыс болатын. Бәлкім, біздің санамызда әйел тек асхананың адамы деген түсінік қалыптасып қалғандықтан ба екен?

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы әрбір бесінші жүргізуші бұрымдылардың бірі екен. Осыған қарағанда кешегі атқа мінген Қыз Жібектер мен Ақжүністердің сіңілілері қазір темір тұлпарға мінуге қарсы емес секілді.

Ал, ер азаматтардың басым бөлігі аяулыларымыздың көлік жүргізгеніне қарсы. Отан қорғауға борыштылардың арасында жүргізген сауалнамадан соң біз осындай қорытындыға келіп отырмыз. Сауалнама нәтижесінде 39 адамның 28-і әйел адамның рольге отыруына келісім бермейді, 6 адам «жүргізсе жүре берсін, дұрыс жүрсе болды» дейді. Ал 5-еуі көлік тізгінін әйелдің ұстағанына қарсы емес екендерін жеткізді.

Косметика сүйгіш жандарымыз кілт-сайманға келгенде шеберлік таныта алмаса да, көлік жүргізуге құштар-ақ. Және өздерінің жүргізгені өздеріне ұнайды да. Нәзік жандылар оларға көлік рольін бергісі келмейтіндерге сан мың жауап айтып, өздерінің еркектерге қарағанда ұқыпты жүретінін алға тартады. Ол аз десеңіз, жолда жүру ережесін бұзу фактілерінің көбі сол еркектердің кесірінен болатынын айтады. Себебі елімізде әрбір 30-ншы құқық  бұзған ер жүргізушіге бір әйелден ғана келеді екен. Мұның шын-өтірігін бір Құдай ғана біледі.

Бір сұрақ, сан жауап ...

Сонымен, әйел адамның көлік жүргізгені дұрыс па? Пікірдің екі жағы бар демекші, сұрағымызға жауап берген көпшіліктің ойы да екіге бөлінді.

Нұрзат, 32 жаста, көлік жүргізгеніне 13 жыл: Әйелдің машина айдағанына қарсымын. Олардың табиғаты бұған келмейді. Айталық, көшеде екі көлік сиятын жолдың дәл ортасына тұрып алып, не анда, не мында шегінбейді. Қасынан сигнал беріп өтсең, ұрысып қояды, немене жер жетпей жатыр ма деп... алдыңа тұрып алып, ескертусіз бұрылып кетеді.Жолды бөгеп, ақырын жүріп, бағдаршамның қызылын күтіп тұрады... Кептелістің бәрі солардың кесірінен, әрине бәріне құм шашпаймын, шебер шопрлар да бар, бірақ, әйелдің аты әйел ғой.

Шолпан, 23 жаста, көлік жүргізгеніне 2 жыл: Қазіргі таңда көп адамдар жүргізуші куәлігін сатып алатыны айдан анық. Оның ішінде қыздар да жоқ емес. Көлік жүргізуде тәжірибелері болмағандықтан, әйел адам рольге отырғанда үрейге бой алдырады. Себебі нәзікпіз ғой. Біз түгілі кейбір жігіттер де сасқалақтап қалады. Оның бәрі түптің түбінде МАИ (ГАИ)-ге кеп тіреледі. Біріншіден жүргізуші куәлігін сатуды доғару керек. Екіншіден, бойжеткендер емтихан тапсырғанда, оларға тәжірибені көбейту керек деп есептеймін. Сол кезде әйел адамның көлік жүргізгені де дұрыс болады.

Айқуат, 27 жаста, көлік жүргізгеніне 5 жыл: Мақұл, әйел адам көлікті жүргізсін делік, мейлі қателіктерге бой алдырсын, ер наразылығын тудырсын. Көндім делік. Ал, көлік сынса не істейді олар? Қазіргі қыздарға қарасаң, тырнақтары сояудай-сояудай, аяғында 10 сантиметр тақа, киген  киімі де бір түрлі ораулы жапырақ... сөйте тұра көлік жүргізеді. Ертең доңғалақ жарылып, айырбастау керек болса, не болады? Моторын ашып, май айырбастау керек болса ше? Содан ер азаматтарына хабарласып, жұмысынан бөгеп, мазасын алады. Жалпы, асхананың адамдары гараждың шаруасына икемсіз келеді ғой. Әр адам өз ісімен айналысқан дұрыс сияқты.

Майгүл, 34 жаста, көлік жүргізгеніне 4 жыл: Әйел адам ер адамға қарағанда көлікті ұқыпты жүргізеді, әрі таза ұстайды. Еркектердің көбі жылдамдықты арттырып жол апатына тап болып жатады. Ал біз ақырын жүріп анық бас демекші, мұндай келеңсіздіктерді айналып өтеміз.

Әсем, 36 жаста, көлік жүргізгеніне 3 жыл: Бір жағынан қазір заман сондай. Ол бұрынғы кезде ғой, әйел үй адамы болған. Қазір күйеуіңнің бір айлығы шайлығыңа жетпейді. Сондықтан бізге де жұмыс жасау керек. Үнемі жүгіріс, жүрістің қызу ортасындамыз. Қазір әйелге көлік өте қажет...  Ия, рас мүмкін жолда жүргенде қателесетін шығармыз. Бірақ еркектің қолына сұйық май мен табақ, пиязын беріп, асханаға қоя берсең ол да міндетті түрде бірдеңе бүлдіреді ғой.  Сол секілді бізде шалыс басып қалып жатамыз. Оған бола бізді жазғыру орынсыз. Керек десеңіз кейбір аруларымыз бөріктілерге қарағанда жақсы жүргізеді. Көлік сынса жөндей алмайтынымыз рас, меніңше біздің басты кемшілік осы. Қалғанының бәрін біз еркекпен бірдей істейміз.

Абай болыңыз ...

Талқыдағы тақырыпты ой елегінен өткізсек, Баян сұлуларымыздың темір тұлпарды басқаруы, ХХІ ғасырда сәнге айналып барады. Ер азаматтарымыздың пікіріне сүйенсек, нәзік жандылар көшеде жүргенде қателіктерге көп бой алдырады... ал қателіктің соңы әр түрлі аяқталуы мүмкін ...

Мақалам жоғарыдағы өзек болған мәселені зерттей келе, өз басым осындай ойға қалдым ...

Әйел заты тұрмақ, кім болсаң да көлік жүргізгенде өте сақ болу қажет. Ажал деген аяқ асты демекші, көлік мініп қарға адым жерге кеттім деп қара жерге кеткендер де бар ғой...  Төрт дөңгелекті айналдырамын деп, төрт күл дүниемен қоштасуың да ғажап емес...

Сондықтан, абай болайық, ойланайық, әсіресе болашақ аналар, нәзік жандылар ...

PS: 35 жыл таксист болған бір ағамыз айтпақшы, «он бес жыл бұрын көлік мінген әйелді көрсек, ананы қара, ананы қара деп көзімізбен шығарып салатынбыз, қазір олар тіпті таксит те боп алыпты» ...

Поделиться
+1
Прямой эфир
Популярные у павлодарцев огурцы и помидоры теперь в списке социально-значимого продовольствия
Интересно - а владелец магазина в деревне Павлодарские Ебеня за 200 км. от славного города Павлодара, где он продукты…
#wlad2 дня назад
Иностранка пыталась продать почку в Павлодаре
sergadm, да, в количестве двух штук.
#wlad4 дня назад
Футбольный стадион на 20 тысяч зрителей начнут строить в Павлодаре
А это точно начнут строить в 2026 году? Разве уже есть эскизы, ПСД, застройщик и т.д. Такая большая стройка так просто…
#John Wick1 неделю назад
"Иртыш" объявил о массовом уходе известных футболистов
Там вообще остался, кто играть в КПЛ будет? Кто будет выходить последний, свет выключите...
#John Wick1 неделю назад
Детский хоспис откроют в Павлодаре
Дело хорошее. Тут без власти не пожить... Благодарность
#Somik1 неделю назад
Первую многоэтажку в Затонском микрорайоне Павлодара сдадут до конца этого года
20 - 2 этажек заменили 7 - девятиэтажными домами и 2-мя 2 - этажными, мощности какие никакие есть
#Somik1 неделю назад
Через Пакистан, Индию и Непал: как велопутешественник из Павлодара покорил Эверест
Довольно-таки всё путано описано, с синего на тёплое постоянно перепрыгиваем. А вот это вообще шедевр: - Самая высокая…
#wlad1 неделю назад
В Павлодаре горожане и спортсмены не поделили горку в Зеленой роще
Действительно, место отдыха было для всех. Административный ресурс замечательно работает, но тут непродуманно. Хоть на…
#Somik1 неделю назад
Строительство 4 многоэтажек намерены начать в микрорайоне "Достык" в Павлодаре
Планы грандиозные. Видимо государство подумало об этом. Теперь - "Aq Jol", чтобы реализация не подвела
#Somik1 неделю назад
В Павлодаре начали строить новый завод
Жаль подробностей нет. Но стратегия видна, думает кто-то на перспективу и это замечательно
#Somik1 неделю назад
Как диабетикам получить социальные выплаты в Павлодаре
Инсулинозависимый диабет (сахарный диабет 1 типа). Термин «инсулинопотребный» обычно относится к сахарному диабету 2…
#Somik1 неделю назад
Сокращение количества бродячих собак привело к росту числа лис в Павлодаре
Сокращение количества бродячих собак привело к росту числа лис в Павлодаре - Любой вид, когда он живёт где-то, он…
#wlad1 месяц назад
Нового прокурора представили в Павлодаре
А вы, друзья, как ни садитесь ... .
#wlad1 месяц назад
"Куртка за 1,2 млн тенге": аким Павлодарской области объяснил, откуда в его гардеробе дорогие вещи
На воре и шапка горит. На акиме любое пальто хорошо сидит.
#wlad1 месяц назад
Откуда в Павлодарской области появился ВИЧ
По путям передачи в этом году лидирует половые гетеро- и гомосексуальные – 67,5%, на втором месте – при введении…
#wlad1 месяц назад
Павлодарский нефтехимический завод решено передать в частные руки
КГП на ПХВ «ERTIS SU PVL». знать бы что сиё значит, может и прикупил бы )))).
#wlad2 месяца назад
Зловонные стоки протекли в Семее и попали в Иртыш, откуда берут воду Экибастуз и Павлодар
Зловонные стоки протекли в Семее и попали в Иртыш, откуда берут воду Экибастуз и Павлодар И Караганда. А вообще,…
#wlad2 месяца назад
Выделить стену для мозайки попросила жительница Павлодара у акима города
Выделить стену для моза й ки ... . Павон, .
#wlad2 месяца назад
На 98-ом году жизни не стало легендарного павлодарского тренера Рафаэля Вахитова
Тяжелая продуктивная жизнь. Спасибо автору за короткую биографию, за знакомство. Светлой памяти
#Somik2 месяца назад
В павлодарском университете открыли центр китайского языка
Нам тоже предлагают учить, но страшно начинать в 40 и необходимости нет. Жена говорит с китайцами на английском...
#Somik2 месяца назад